Балапан Рабатовтың өлеңдері

Қозданып қара топырақ,
Алақан жайды жапырақ.
Даланың жұпар желіне,
Көктемнің ұсап төліне,

Сақина сағым сынып кіл,
Көлдердің беті тұнып тұр.
Етегі жасыл, басы әппақ,
Қуаныш мұңды қосақтап,

Асыр да, тасыр аң құсы,
Өңкей бір құстың өңдісі.
Сағынта келіп сап болған,
Сайраны солған сақтардан.


Ауыл махаббаты

Туған жерім – торқалы топырағым,
Сен дегенде келмейді тоқырағым.
Сені қалай сүюдің керектігін,
Мен ешқандай кітаптан оқымадым.

Шоқыларға барып мен шоқынамын.
Малдас құрып масайрап отырамын.
Сүйемін мәуелі орман – талдарыңды,
Анамның ақ сүтіндей бұлақтарың,

Сен де бардың бәрін мен қия алмадым.
Алқам–салқам жүруден ұялмадым.
Бұл күнде азаматпын алға шығар,
Ұланыңды қыран қып шынықтырар

Қаламаймын көңілдің құлазуын,
Махаббатым – ол менің жыр азығым.
Кіндік қаным төгілген топыраққа,
Бар қанымды сарқуға разымын.

Ауылым менің алапат таудың іргесі

Ауылым менің алапат таудың іргесі,
Мен үшін қымбат, бір күні, оның бір кеші.
Тауына шығып, суына бірге шомылған,
Достарым менің сайрандап сонда жүр деші.

Сеземін іштей мойында жүрген парызды.
Айналып саған бара алмай жүрген тарызды.
Мұңайып кейде болсам бір ойға батқандай,
Аға да, дос та, қарындас, қас та – бәрі де

Есімде мәңгі ақ уыз, аппақ қыр кеші.
Адалдық үшін ертерек алған жүлдесі.
Қидық қой бәрін, немене сонда нысана,
Ауылдың дәмін, бауырдың әнін сағынып,

Сабылып келіп жайлы бір орын іздеді.
Ауылға деген махаббат екен біздегі.
Қалықтай ұшып қарлығаштарың ұядан,
Қыраның үшін қуанып тұрсам, қалайша

Ауылым менің-сауығым едің қыр-далам,
Сәлемін айтты алыста жатқан бір балаң,
Өзіңде туып, өзіңде түлеп ұшқасын,
Келешек күнге өзіңмен ғана бір барам.


Дәурен – Ай

Өлең менің емес еді ермегім,
Өлерменім сөзге қонақ бермедің.
Болған істен бояу таппай жырыма
Толғаныстан тоқырасам өлгенім.

Қолда барым – поэзия, ием – пір.
Менің қосым өзгелерден иен тұр.
Сыр айтады сынықсыған дос маған,
Елжірейді өп өтірік жүрегі

Қауым да көп қауылдасар жөнімен.
Таяздардың талғамына көніп ем.
Көне алмадым, жиледі толғаныс,
Бұғамын көп, әбзелімді әзірлеп,

Шөберелер кетпеңіздер аусай тым.
Аса ғажап салауатпен қаусайтын.
Табылғанмен тілімізге көп тыйек,
Бөз қадырын бағалауға бар дағы,

Өлең сені құшар екен қашан бақ,
(тілым аман, аман болғанымен бас алмақ)
Қорқыт куә болмасына мәңгі өмір,
Жер ұйығы жоқтығына Асан хақ.

Айналайын ақ туыңнан ар-намыс,
Шығам деумен шалқыдың–ау жолға алыс,
Қарынға да қам қылатын заманда,
Дарынға да керек болды қолғабыс.

Дамылда сен, қалғыма тек, шаршадың,
Түйгенім сол қалжыратты қанша мұң?
Әкімі боп өте шығу оңай да,
Ақыны боп қалу қиын баршаның.

6alash ұсынды