"Бураталда дәриға"

Сөзі: Жұман ӘБІШҰЛЫ

музикасы: Берік ИСЛАМҰЛЫ

Орындаған: Отанбек ЕҢСЕХАНҰЛЫ


Сөзі мен музикасы шебер қабысқан сара туындылардың бірі «Бураталда дәриға» әннің қалай өмірге келгені жөнінде өмірден ерте қайтсада туған халқының мәйекті мәдени мұраларын жинау, реттеу баспадан шығару саласында сүбелі еңбек еткен көрнекті ақын, сазгер, этнограф Жұман ағаның қатпарлы қалың ой әлеміне бойлап, архивтерін ақтарып көргенімізде Үрімжі қаласында өткен бір тойдағы айтыс ақыны, асаба Қайрат Құлмұқаметұлының жұман ағаны жездесініп айтқан ефиграммасы назарымызға ілінді.

«Жұман ағам, көп көрген өткелекті,
Осы жақтан тауып жүр көп қоректі.
Баркөлге арнап бір-екі ән жазып еді,
Әнші назар дауысы көкке жетті.
Бізге неге бір әнін қимайды деп,
Туған жері Буратал өкпелепті», - дегенде тойшыл қауым алақайлап құптаса керек. Бұл жас кезінен кіндік кесіп, кір жуған жерінен алыс жүрген Жұман ағаның көкірек қуысында қоздап жатқан көрікті ойларына қамшы болыпты. Содан аз-кем уақыттан кейін Жұман ағамыз халықтық слопта «Бураталда дәриға» әнін жазған екен.

Енді бұл тарихты қайра тұрып бүгінгінің жас қыраны Бураталдың өнерлі ұланы Берік Сіләмұлына сөз беріп, бұл әннің қалай тыңдарман жүрегінен жол алғанын сұрағанымызда, сабырлы да салмақты жібек мінез Бекең ән хақындағы ойын бізге былай деп түйіндеген болатын.

Бұл ән 1994 жылы менің Буратала қалалық 5 орта мектепте мұғалімдік істеп жүрген кезімде жазылды, Еркін Зәкәрия деген термеші досым Үрімжі қаласына барып, ән таспасын шығарып табыспен оралды, таспаға ән екшеу барсында Еркін Жұман ағаның таяуда жазған «Бураталда дәриға» әнін орындағанын айтып, баршамызды қуантты. Алғаш ести салғанда ән мәтіні мені бірден баурап алды. Жұман ағамыз ән текісін Буратала өңірі кезінде Майқы бидің мекендеген жер екен дегендей «Аңыз дастандардан» пайдаланып, тамаша жазған екен. Біз туған жер өскен елді жырлайтын болсақ көбінде оның тау-суын, жазиралы даласын жырға қосып жатамыз, ал Жұман ағаның текстінде шағын болсада бір уақиға бар екен, бала махаббат арқылы туған жерге деген сағынш бейнеленіпті. Сол тұста жатақта жататын едік, жатағымызда пиянино бар болатын әнін мәтінін естігенінен кейін, оны санаға сіңіре бастадым, Жұман ағамыз бұл әнді халықтық сарында жазыпты, мен осыны естрадалық нұсқаға айналдырып жазып көрсем қайтеді деген ой келіп, алғашқы нұсқалары жазып, шағын басқосулардан өзімізше орындап жүрдік. Күндер өте келе Жұман аға ауылға келгенде ол кісіге алғаш рет тұшымды етіп орындап беріп, ықыласын алдық, қадырлы Жұман ағамыз: Берік бауыр мына әннің бағын сен ашқан екенсің, бұдан былай сенің әнің болсын деп ақ тілегін білдірді. Осыдан кейін барып, біз салтанатты сахыналарда орындай бастадық.

Сонда мені бірден баураған нәрсе текістің уақиғалығы, көркемдігі, тақырбы болды. «Бураталда дәриға» дегенде жатқан тұңғыйық сыр мені бірден бауырап осылай қалам алдырған еді, - дейді Бекең ән жайындағы ойларын түйіндеп.

Бұл ән алғашында әйгілі әнші Отанбек Еңсеханұлының орындауында сахыналарға көтеріліп, жұрт жылы қабылдады. Кейінінен Отанбек Еңсеханұлының соңынан ерген өнерпаз бауырлары бұл күндері өнерде өзіндік орны бар Жолдыбай Дулатұлы, Әділ Сыламханұлы, Сенбай Бодаубайұлы, Медет Мақсатұлы қатарлы әншілер орындап, әннің ажарын ашып, ойын-тойдың көркін қыздырып, мерейін асырып келеді. Міне осылай Бураталдан ескен әсем әуен ән әлемін кең шарлап кете барды.

Әннің толық мәтіні:

Алатаудың буратал бөктерінде,
Бір қыз қалған қол бұлғап кеткенімде.
Дариға ол да бала, менде бала
Үлгірмеген екенбіз серт беруге.

Қайырмасы:

Бураталым-ай
Қормал ауылым-ай
Қоғалы көлдей көркіңді,
Сағынғаным-ай.

Маған ыстық жер барма бураталдай,
Әлі өкінш кеткенім тіл қата алмай.
Дәриға ауылдағы сол бөйжеткен,
Көздік жасын жұр дейді құрғаталмай.

Жыл құстары сен солай барасыңба,
Өкпелеген ару бар ағасына.
Дәриға менен бір тіл жеткізе көр,
Дос-дұшпанның қалдырмай табасына.

6alash ұсынады