Александр Викторович Затаевич (20 Наурыз, 1869, Ориол облысы, Болхов қаласы – 6 Желтоқсан, 1936, Мәскеу) — композитор, этнограф, музыка және қоғам қайраткері.

Ол алғашқы музыкалық білімін сол Ориол қаласындағы әскери гимназиядан алған.

Біраз жыл бойы варшаға консерваториясы жанынан шығатын «Варшава күнделігі» аталатын газетте музыка ретсензенті қызметін атқарып, орыс, батыс классиктерінің шығармаларын, сондай-ақ халық музыкасын насихаттаумен айналысқан.
Алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен танысуы.

Ол алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 1920 жылдардың басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А.Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады. Ол жатақханаларды, мектептерді, құрылыстарды, орта дәрежелі оқу орындарын, казармаларді аралайды, сезге, конференцияға, кеңестерге келген қазақтардан ән жазады. Базар, театр, консерт орындарының фойелерынде кездескендердің бәрінен де жазып алады. Бала жасынан кіршіксіз еститін құлағы жасы елуден асқанша көрмеген елдің музыкасын жаза баспай нотаға түсіруге мүмкіндік береді.

Бірақ, өмірін музыкаға бағыштаған А.В.Затаевич әнді қалада отырып тек кездейсоқ келгендерден жазып отыруды жөн көрмеді, елге шығады, жайықтың бойын, Сыр, Ертіс өзендерін, Бөкей, Қарқаралы далаларын аралайды. Замандар бойы жабылып жатқан қазақтың ән қазынасын көтереді.

Қазақтың көл-көсір мұрасын жинақтауды өзіне парыз санаған жанның бірі. Ұлты басқа болса да, жер орта жасқа келгеніне қарамастан, 1920 жылы қиын-қысталаң кездерінде кездескен көлік атаулымен, болмаса, жаяу-жалпы аралап, халқымыздың ән-күйлерін музыка белгілерімен (нотамен) хатқа түсірген деректер жазып қалдырды...

Халықтық кәсіби әнші-күйшілерінің шығармашылық қызметін, олардың орындаушылық шеберліктерінің сырын ашып, өте құнды мағлұматтар жинады. Ақан сері, Біржан сал, Абай, жаяу Мұса, үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәулеткерей, Тәттімбет, т.б. шығармаларын алғаш рет Затаевич жарыққа шығарды. Сөйтіп, ұлттық дәстүрлерді сақтаушылар мен дамытушылар жайында қайталанбас деректер жазып қалдырды. Этнографтың «Қазақ халқының 1000 әні» (1-бас., 1925 жылы, 2-бас., 1963 жылы), «Қазақтың 500 ән-күйі» (1931), «Песни разных Народов» «Әр ұлттың әндері» (1971), жарияланбаған «Қазақ музікәсінің 3 томы» деп аталатын жинақтарында қазақ халқының классик. Ән, күйлерінің үлгілері мол орын алған. Затаевичтің еңбектері арқылы қазақ музыкасы дүние жүзіне тарады, бүкіл Еуропа елдеріне жетті, алдыңғы қатарлы өнер иелерінен жоғары баға алды. Мұнда қазақ музыкасының көптеген теориялық және тарихи мәселелерінің беті ашылды. Затаевичтің әрбір ән-күйге берген жеке талдауларының мәні зор. Халық композиторлары мен орындаушыларының шығармаларына берген мінездемелері де әлі өз бағасын жоғалтқан жоқ. Затаевич жинақтары қазақ халқының кәсіби музыкасының дамуына зор ықпал етт. Аталған жинақтардағы ән мен күйлер қазақтың кәсіби музыкалық жанрлары опералық, симфониялық, камералық шығармаларында кеңінен пайдаланылды. Осы жинақтардағы ән-күйлерді қазақ композиторларымен бірге С.С.Прокофев, Н.Ия.Миясковски, М.М.Ипполитов-Иванов сынды орыс композиторлары да өз шығармаларында пайдаланды.

Композитор ретінде Затаевич қазақ музыкасының кейбір үлгілеріне фортепияно, аспапты ансамбльдермен қосылып айту үшін көптеген өңдеу жұмыстарын жүргізді. Затаевичтің «Қазақ музыкасы» атты фортепиянолық шығармасы – кәсіби дәрежеде жазылған туынды. Ол 1925–27 жылдары фортепиянолық песалар тсиклін жазды. Соның нәтижесынде «Халық тақырыбына жазылған миниятиюралары» (1925), «Қазақтың халық әндері тақырыбы бойынша фортепияноға арналған песалары» (1927) жарық көрді. Қазақ халқының музыка мұрасын сақтап келген 500-ге жуық өнерпаздар – Майра Шамсудинова, Әміре Қашаубаев, Ғ.Айтбаев, Қ.Байжанов, М.Бөкейханов пен Н.Бөкейханов, Ғ.Мұхитов пен Ш.Мұхитов, Ғылым Қайраткерлері Ә.Мәрғұлан, Қ.Сатбаев, М.Бөжеев, әдебиет және өнер қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, Ж.Шанин, т.б. өздері білетін ән, күйлерді Затаевичке айтып, жаздырды («Қ.Затаевичтің корреспонденттері»). Затаевич қазақтың фолклорының жиналу дәстүрін қалыптастырып, одан әрі жалғастыруда А.Жұбанов, Е.Брусиловски, Б.Ерзакович, М.Төлебәев, Л.Хамиди және басқалардың еңбектері орасан зор.

Сөйтіп, 1920 көктемінен бастап 1923 жылы аяғына дейін, нағыз аш-жалаңаш жол қиындықтарына да қарамай, А.Затаевич қазақтың 1000 әнін жинап нотаға түсіреді.

Оның 1925 жылы Мәскеуде «Қазақ халқының 100 әні», және 1933 жылы «Қазақтың 500 әнімен күйі» атты этнографиялық жинақтары шықты.

А. Затаевич 1936 жылы Мәскеу қаласында дүние салған. А.В.Затаевичтің жарқын бейнесі, оның қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі, ірі тұлғасы ұлғайған үстіне ұлғая бермек, ұмытылмақ емес.

6alash ұсынды