Барша қазаққа танымал болған «Орда» тобының солистері, шоу-бизнесте өз орны, өзіндік қолтаңбасы бар белгілі продюсерлер Ерболат, Жанболат, Есболат сынды өнерлі ұлдарды өмірге әкелген, өмірде де, өнерде де бірге жүзген қазақтың қос бұлбұлы Машанұлы Беделхан мен Әбілханқызы Гүлжәмилә қазан айының 11 күні, Астана–Қарағанды күре жолында жол апатынан мезгілсіз қайтпас сапарға аттанып кетті.

Ажал айтып келмейді... Марқұмдардың топырағы торқа, имандары жолдас болсын! Аллам алдарынан жарылқап, жандары жәннатта болсын! Барша ағайын-туыс, балаларына қайғыра көңіл айтамыз! 

Жұбатгүл Самбууқызы,

6alash ұжымы


"Саялы өзен" 

әні мен сөзі: З.Садырбайұлы

Орындаған: Беделхан МАШАНҰЛЫ, Гүлжәмилә ӘБІЛХАНҚЫЗЫ


Халық әні: "Дей салдым-ай"

Орындаған: Беделхан МАШАНҰЛЫ, Гүлжәмилә ӘБІЛХАНҚЫЗЫ