" Әпекеме "

Әпекеме
Екеуіміз бір атаның баласы едік,
Тапсырған мені саған ана сеніп.
Солардың жанған бақыт жұлдызы едік,
Солардың көздерінің қарасы едік.

Қайырма:
Сенде әпеке, солардың,
Мен сағынған көзі бар.
Деме келмей жоғалдың,
Сағынышым сезіп ал.

Әпеке, қасыңа іздеп келдім неше,
Осы әнім айғақ болар ел білмесе.
Келеді саған ғана қарай бергім,
Дидарін әкеміздің коргім келсе.

Әпеке, сағындың ба, аңсадың ба,
Баттың сен дүниеде қанша мұңға? !
Сезінем сен жыласаң ата-анамыз,
Тұрғандай бірдей жылап қарсы алдымда.

Әпеке, бар мерейің ауды маған,
Жалыққан кезің барма баулығаннан? !
Арманын оқып тұрмын ата-ананың,
Өзіңнің көздеріңнен жаудыраған…

Өлеңі: Құмарбек Сақарин


Музыкасы: Сарқыт Иісханұлы


Орындаған: Абай Тұрсынбайұлы

" Әпекеме" әннің астарлы тағдыры

Ақ шыныдай алмай жатып кетілген,
Алты жаста әкесі өлген жетім ем.
Сынық көңілім қайда барса өспеген,
Әке орнына қайғы сүйіп бетімнен. -деп өзі жырлағандай, халқымыздың тарпаң таланытты ақыны Құмарбек сақарин, алты жаста әкесі сақаридан, он екі жасында аяулы анасы нұрядан айырылып бұғанасы қатбаған шағында жетімдік қамытын киеді. Қам көңіл ана бойындағы сырқатынан алаңдап: «Мен өлсем құмарбегім не болады, жалғыз бауырына пана болсын» деп ойлап қызы бөшенді жол ортада оқудан шығарып, ілік тауып құтты орнына қондырады. Аналары қайтыс болғаннан кейін, бөшен жалғыз бауыры Құмарбекті панасына алып, не бір ыстықты да, суықты да кешіп жүріп жетілдіреді. Міне осындай махаббатпен өзіне әке орнында әке, шеше орнында шеше бола білген жалғыз әпекесіне Құмарбек үшін бұл дүниеде ешкім де тең келмейтін, оның Орнын ешкім де баса алмайтын еді.
1963-жылы іле облсының Шәпшәл ауданында ашылған мәлім кен орынына жұмысшы-қызыметкер толықтыру үшін сол Кездегі үкімет орындары алтайдан алпыс отау семиәні көшіріп әпәрәді. Міне осы кезде құмаңның әпеке-жездесі де сонда барып жұмысқа тұрады.
1986-жылы шапшалға әпеке-жездесін іздеп барған құмаң, жалғыз әпекесін көріп сағыныш басылып, сарығы қанған күндердің бірінде әпекеме өлеңін жазады.
Сол кезде менің әпекем ила да Көктоғай кен орынынан ауысып барып, осы шәпшәлдә жұмыс істеп жатқан еді.
Әпеке-жездеме амандасып барып жүріп, бір дастарқан үстінде бұйырықша Құмарбек ақынмен жүздесіп қалдым.
Ақын соның алдында ғана «Шинжяң радио станциясында» өткізілген туынды әндер жарысында менің «Жан бала» деген әнімнің екінші дәрежелі сыйлық алғанын, әсілі өз ойында бірінші болуға тиісті ән екенін, оған басқалардың пікірі жеңіп кеткенін айтып ақтарылды.
Сол күні дастарқан үстінде «Әпекеме» деген өлеңін оқып беріп, сенде де жалғыз әпеке, менде де жалғыз

Әпеке, менде де жалғыз әпеке бар екен. Сен осы өлеңге ән жаз. Әпекемізге деген махаббатымыздың айғағы болсын деді. Әрине ақынның төгіліп тұрған өлең жолы маған да қатты әсер етіп отыр еді. Көп кешіккен жоқ, сол сапарда «Әпекеме» әні туындады,-дейді әнші, сазгер сарқыт иісқан ұлы.
Жалғыз апайымыз әкеме қандай стық болса біздің де әлі күнге қормалымыз, асқар тауымыз болып Келеді. Қазыр сексен төрт жасқа Келді. Құлжа қаласында бақытты тұрмыс кешіріп жатыр. Сағынғанда барып сәлемдесіп тұрамыз. Ол ксіні көрсем әкемді көргендей көзіме ыстық жас үйіріледі,-дейді қазір Күйтін қаласында тұратын бопен Құмарбек қызы.
Халқымыздың Рухани қоржынына түскен осы бір сазды әннің жұрт жүрегіне тереңүялағанына, әншілердің сүйіп айтатынына талай жерде куә бөлдық. Асем ән өлмесін, әнді сүйетін жүректер жүдемесін!

Қанатбек Зәйтолла

6алаш ұсынды