Бүйрек – адам ағзасындағы ең маңызды мүшенің бірі. Әсіресе әйелдер қауымы үшін маңыздылығы өте зор. Себебі әйел адамның денсаулығы, сұлулығы мен сымбаттылығының басты кепілі. Сондықтан да бүйрек жұмысының нашарлауы, оның әлсіздігі әйел ағзасындағы түрлі дерттерден хабар береді.  Осыған байланысты аурудың алдын алуға мүмкіншілік те туады. Назарларыңызға аурудың алты белгісін ұсынамыз.

  1. Бүйрек әлсіздігінен бет, аяқ-қол, көздің айналасы ісіп кетеді. Бүйрек ағзадағы суды реттейтіндіктен, оның жұмысы бұзылса, қан айналымы нашарлайды. Мұны ретке келтірудің оңай шешімі ұйқы алдында суды аз мөлшерде ішіп, белге арналған жаттығу жасау.
  2. Әйелдердің тез тоңу себебі бүйрек әлсіздігінен болады. Мұндай құбылысты жеңу үшін тамақтану рационын қадағалап, қой еті, сиыр еті, ащы бұрыш, пияз, зімбір секілді азықтарды көбірек пайдаланған жөн.
  3. Бүйрек әлсіздігі әйелдің жыныстық қарым-қатынасқа қызығушылығын төмендетіп, себепсіз ашуланып климакс тым ерте басталуына әсер етеді. Сонымен қатар бүйрегі әлсіз адамдар тез қартаяды. Ал мұның алын алу үшін түрлі емдік шараларды пайдаланып, жеңіл жаттығу түрлерін жасаған дұрыс.
  4. Бастың ауруы, ұйқының бұзылуы, мидың шаршауы, ойдың үнемі бөлініп кетуі де бүйрек әлсіздігінен болады. Ағзадағы мұндай өзгерістерді жеңу үшін қаздың етін, саңырауқұлақ, жүзімді үнемі пайдалану керек.
  5. Бүйрек әлсіздігінен әйелдердің ішкі секреция жүйесі әлсіреп, бүйрек үсті безінен адреналин бөлінуі азайып, денедегі зат алмасу процесі бұзылады. Ол артық май жиналуына себеп болады. Оған қарсы тұру үшін алақанды бір-біріне ысқылап, жылы күйінде бүйрекке басу. Мұны күіне бірнеше рет қайталаған жөн. Сонымен қоса қаз, қоян, балық еті секілді азықтарды көп тұтынған дұрыс.
  6. Бүйрек әлсіздігінен қан қысымы артады. Мұндай белгілер байқалысымен, аурудың алдын алып, дәрігерге көрініп, емдік шаралар қолданбаса, бүйрек істен шығып, өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

Ерлер бүйрегінің әлсіреуі де осының ішінде. Әсіресе төмендегі бірнеше ұнамсыз тұрмыс әдеттері мен селқостығы ерлердің бүйрегіне зақым жеткізетін ең негізгі себеп болмақ.

  1. Ауруды басатын дәрілерді көп тұтыну. Кейбір қабынуды қайтарып, ауруды басатын дәрілерді ұзақ уақыт тұтыну немесе көп мөлшерде тұтынудың бүйрекке залалы аса аур. Мысалы, бас ауруды басатын дәрі, қабынуды қайтаратын дәрі қатарлылар. Бұлар бүйректің сүзу қызметіне ауыртпалық түсіріп, бүйрекке зақым жеткізеді.
  2. Шөп дәрілерді қалыптан тыс көп тұтыну. Клиникалық зерттеулер көкнәр сауыты, елші шөп қатарлы шөп дәрілердің бүйректі оңай зақымдайтындығын байқаған. Бұлардың ішіндегі көкнар сауыты қатарлылардың бүйрекке зақымы тым аур.
  3. Суық ішімдіктерді көп мөлшерде тұтыну. Жеңіл ішімдіктер мен спирттік ішімдіктерді артық мөлшерде ішу бүйректі жанамалай зақымдайды. Адам денесінің қышқыл-негіздік дәрежесі 7.2 болатыны белгілі. Ал жеңіл ішімдіктер мен спирттік ішімдіктер жалпы беттік жоғары қышқылдық сипатта болатындықтан, тұтынғаннан кейін денедегі қышқылдық тепе-теңдік көрнекті түрде өзгеріске жолығады. Бұл бүйректің қалыпты қызметіне ауыр дәрежеде зақым жеткізетін жағдай.
  4. Балкүлше секілді тағамдарда бром қышқылды калий аталатын қоспа болатындықтан, жегенде тіске жұмсақ келеді. Мұндай тағамдарды ұзақ уақыт тұтынғанда орталық жүйке жүйесі, қан жасау жүйелерінің қызметі, бүйректің қанды сүзу-реттеу қызметіне ықпал етуден, бүйректің әлсіздігіне әкеліп соғады.
  5. Қалыптан тыс тойына тамақтану. Қазіргі қоғамда адамдар арасында барыс-келістің жиілеуі мен қоғам дамуына ілесе адамдардың қонақасыға бару орайы көбейіп, үнемі дәмді тағамдарға сіреп тою әдетке айналып барады. Бұл организмнің ас қорыту қызметін ауырлатып, адам ағзасының қалыпты қызметіне шамадан тыс жүк түсіреді. Бара-бара дене салмағы артып, әроргандардың қызмет қуатының артық сарп болуын тудырады. Адам денесіндегі керексіз заттардың көп сандысы бүйрек арқылы ығыстырылатындықтан, қалыптан тыс тойына тамақтану бүйрекке күш түсіретіні анық.
  6. Арақтың артынан шәй ішу. Кейбіреулер арақ ішкеннен кейін, шәй ішу мастықтан айықтырады деп қарайды. Шын мәнісінде бұлай істеу мүлде өнімсіз болуымен бірге бүйректі ауыр дәрежеде зақымдайды. Мамандар шәй жапырағындағы шәй негізі бүйрекке біршама тез әсер ету арқылы несеп айдау рөлін атқаратындықтан, осы кезде спирт қайталай ыдырауға үлгермей бүйректен ығыстырып, бүйректің кейбір әлсіз жүйелерін жансыздандырады. Сонымен бүйрек зақымдалады екен.
  7. Тұзды азықты тұтыну. Азықтардың құрамындағы тұз мөлшерінің аса жоғары болуы қан қысымын жоғарылатады. Жүрек пен бүйрек қанның қалыпты айналымын сақтамауынан бүйрек түрліше созылмалы ауруларға жолығуы әбден мүмкін.
  8. Суды аз ішу. Адам егер ұзақ уақыт су ішпесе, денеде несеп мөлшері азаяды. Несептегі керексіз заттар мен улы заттардың қоюлығы артады. Клиникада үнемі кездесетін бүйрекке тас байлану, бүйрекке су жиналу қатарлылардың барлығы ұзақ уақыт сусызданудың кесірінен туындайды.
  9. Бұдан сырт бүйректі зақымдайтын қалыпсыз тұрмыс әдеттері көп. Мұның ішінде үнемі дәретке қысылудың да зардабы тым ауыр. Сондықтан әр іс өз уақытымен, өз кезегімен қалыпты өткені жөн. Сондықтан ең басты байлық денсаулық екенін ұмытпағанымыз жөн.

massaget.kz порталынан