Жанәбіл Сымағұлұлына

Аттан түскен, үзеңгіден түспеген,
Ғұмыры бойы елім деген, істеген.
Ақыл, айла, парасатпен ел бастап,
Әдістеген, күштер кезде күштеген!
Бір жанабыл тумады-ау деп бәр қазақ,
Есем кеткен шақтарда әттең, тістенем.
Заманымда арыстар аз, алып та,
Жәкең жайлы аңыз естіп, тұс көрем.

Қуаныш ІЛИЯАСҰЛЫ

20 .05 .2017

"Ел аға" күйі

Авторы жане орындаған: Қызырбек Жанасылұлы

Қытай қазақтарынан шыққан көрнекті қоғам қайраткері, таңдаулы қарт коммунис, халқының қалаулы ұлы, ел ағасы Жанәбіл Сымағұлұлы 1934 жылы сәуір айында Алтай аймағы Қаба ауданында дүниеге келген, 1951 жылы қызметке қатынасқан, 1953 жылы тамыз айында Қытай коммунистік партиясына мүше болып қабылданған. Толық курс мағұлыматына ие, Шинжияң ұйғұр автономиялы районының орынбасар төрағасы, Шинжияң ұйғұр автономиялы райондық партия комитетінің тұрақты мүшесі, орынбасар шужиы, орынбасар шужиы, Шинжияң ұйғұр автономиялы райондық саяси кеңестің төрағасы сынды міндеттер өтеген.

Жанәбіл Сымағұлұлы пенсияға шыққаннан кейін де халқының жүрегінде сол баяғы кішіпейіл, нар тұлғалы ел ағалық сипатымен қала берді. 2020 жылы сәуір айында Жәнәбіл аға 86 жасқа толды. Жәнәбіл ағаның 86 жасқа толған құрметіне «Ел аға» деген күйімді арнаймын.

Қызырбек ЖАНАСЫЛҰЛЫ 

6alash ұсынады