Филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Респубикасы әлеуметтің ғылымдар академиясының академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, терминолог Өмірзақ Айтбайұлы.

- Сіз тілдің дыбыстау мәнері, яғни тілдің музыкалылығы дегенге қалай қарайсыз?

– Жақсы сұрақ. Өте нәзік нәрсе. Әрине, әрбір тілдің өзіндік мақамы, әуені бар. Біздің қазақ тілінде де музыкалылық күшті. Әсіресе, дауысты дыбыстар араласқан сөздердің әуезділік, әуендік ерекшелігі күшті. Міне осындай сөздерді әуендік ерекшелігіне қарай, қырағатымен, мақамымен, өзіне тән әуенімен айта білудің өзі тілдің мәдениетіне жатады. Қазір тіліміздің сөйлеу заңдылығына, дыбыстау жүйеміздің ерекшелігіне үйлеспейтін қиқылдаған, шиқылдаған сөздер, дыбыстар көбейіп, сөйлеу мәдениетімізге, тіл мәдениетімізге ықпал жасай бастады. Құлаққа түрпідей тиеді, тыңдағың келмейді. Кезінде біз Мұхтар Әуезов, Мәуелен Балақаевтардың сабағын тыңдадық. Ол кіселердің сөйлеу мәнерінің әдемілігі сонша, тыңдаған сайын тұшынып, сүйініп естисің. Өйткені олардың ауызынан шыққан сөздер адамға өзгеше әсер жасаушы еді. Былайша айтқанда, ол кіселердің сөзінен қазақ тілінің таза музыкалылық әуені төгіліп тұратын. Демек, сөйлеу деген бар да, қазақ тілінің дыбыстау заңдылығын ескеріп, соған бойсұнып әдемі сөйлеу деген бар. Қанша шешен сөйлегеніңмен, сөздің музыкалылығына, әуеніне мән бермесең, ол тыңдаушыға татымсыз боп шығады. Сөз қадірін, тіл қадірін, тіл мәдениетін білетін адам тілге, тілдің әуезділігі мәселесіне де мән бермей тұра алмайды. Өйткені тіл дегеніміз ұлттың өзі. Тілсіз ұлт жоқ. Ахмет Байтұрсыновша айтсақ, «сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады».

Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ

6 alash