Заруан Исашұлы 1912 жылы Шіңгіл ауданының Шілбұлақ жайлауында, Зәңгі отбасында дүниеге келген. Ол жастайынан домбыраға әуестеніп, сол тұстағы әйгілі күйшілерден тәлім алған. Күлі қазаққа аты әйгілі күйші Шалап, Бейсенбі күйлерін нақышына келтіре шертіп, 15-20 жастарында салдық құрған адам. Әрі өзіде күй шығарған өнерпаз.

Заруанның «Көрікті шіңгіл», «Жібек жіирен», «Қосын торы» қатарлы күйлері бар. Бұлғынның Жалпағы деген жерінде Оспан батырды ақ киізге отырғызып хан көтергенде, төңкерістің бел ортасында болып, күй шертіп тойдың дүбірін қыздырушылардың бірі болған.

Заруан Исашұлы 1979 жылы Алтай аймағының 3-кезекті ақындар айтысына қатынасып, көптеген халық күйлерін домбырада орындап жұрттың жақсы бағасына ие болған еді. Ол кісінің «Көрікті шіңгіл» атты күйі Шинжаң халық баспасында шығарылған «Жирманыншы ғасыр Қытай Қазақ сазгерлері» атты кітапқа енгізілген.

«Мұра» журналының 2010 жылғы 5-санында суретімен басып күйшілік өнері арнаулы таныстырылған. Марқұм Заруан Исашұлы артына өлмес асыл мұралар қалдырып 1998 жылы 86 жасында бұл дүниемен мәңгілікке қоштасты.


Заруан Исашұлының күйлері


деректі ұсынған: Төлеген ҚҰМАРҰЛЫ

6alash ұсынады