" Ағажай Алтай "

Кәрменов Жәнібек (22 наурыз 1949 жылыҚарауыл ауылыАбай ауданыШығыс Қазақстан облысы – 22 маусым1992 жылыАлматы) – әнші, жазушы, қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артист (1990).

Алматы эстрада-цирк өнері студиясының (қазіргі колледж) әншілік бөлімін (педагогы Ж.Елебеков), және Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. “Өнер” баспасында редактор, Алматы мемлекеттік консерваториясында халық әндері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ол өзіндік ән орындаушылығымен ерекше көзге түсті, көптеген халық композиторларының шығарма өмірі мен мұрасын насихаттау және олардың ұмытылған ән мәтіндерін қалпына келтіру ісіне мол үлес қосты. Кезінде Қазақ радиосы мен телевизиясы арқылы халық әншілері мен әншілік дәстүр жайында хабарлар (А.Сейдімбекпен бірге) жүргізді. Өнер тақырыбына арналған кітаптары (“Ақылбайдың әні”, ”Ғашықтың тілі”, “Махаббат әні”) жарық көрді. 1984 жылы концерттік- орындаушылық, зерттеу қызметтері және жастар арасында халық өнерін насихаттаудағы жұмыстары үшін оған Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 1996 жылы оның есімі Қарауыл ауылындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) музыка мектебіне берілген.

6АЛАШ ҰСЫНДЫ