«Өз ағасын ағалай алмаған, кісі ағасын жағалай алмайды» дегендей  айтыс ақыны Шәкен Рахыметолла ұлы мен сазгер, әнші Жәрөк Ахымет ұлы Қытай Қазағынан шыққан арыс арланы , өз кезінде «Сағым балуан» деген атқа ие болған әйгілі балуан бақыт көпен ұлына арнап «Балуан аға» деп ән шығарды.

Шәкен Рахыметолла ұлы ,Бақыт көпен ұлы,жәрөк Ахымет ұлы


Балуан аға



Өлеңі: Шәкен Рахыметолла ұлы
Әуені: жәрөк Ахымет ұлы
Шырқаған: думан бейбытқан ұлы

Аспай алға тартқан сара жолдан,
Деген ғой «Жүк қалмайды қаранардан» .
Кісілігі бір төбе, кішілігі,
Көңілі көмкерілген саялы орман.

Аман жүр балуан аға,
Талғампаз тарлан аға.
Көтеріп ел намысын,
Абырой алған аға.

Алыстың талай-талай әліппенен,
Арманың асқақтады дәңықпенен.
Жар салды жанын салып жарыста ерен,
Қашан да тілегі бір хәлықпенен.

Арыс өрден ғұмырың шамың жанған,
Жетелеген жетелі жалынды арман.
Жарқ еткен нажағайдай тездікпенен,
Атандың миллярдқа сағым балуан.



Бақыт көпен ұлы

Бақыт КӨПЕНұлы 1962-жылы 8-айдың 8-күні Қытай Шңжаң Алтай аймағы Қаба ауданы көлбай ауылдығы Сартақтай қыстағында қарапайым диқан семиәсінда дүниеге келген.
1975-жылы Көлбай ауылында бастауыш бітірген. 1978-жылы Қаба ауданында орталау мектеп бітірген. 1981-жылға дейін Алтай аймақтық балуан көмәндасінда болған. 1981-жылы 3-айдан 1986-жылы 1-айға дейін Шңжаң райондық балуан көмәндасінда болған. 1986-жылы 1-айдан бастап Қаба аудандық мәдениет дене тәрбие мекемесінде бапкер болып істеген, Алтай аймағына жәнеШңжаң районына 200 ден астам балуан тәрбиелеп берген, шәкірттері аймақ, автоном және мемлекеттік жарыстарда жақсы натиже жаратып келеді.
Бақыт балуанның жүлделері:
1979-жылы Алтай аймақтық балуан жарысында 1-дәрежелі болып сыйланған.
1980-жылы 3-айда Шңжаң районда 1-дәржелі жүлдеге қол жеткізген.

1980-жылы 8-айда Бейжиңде өткізілген мемлекеттік жарыста 2-дәрежелі болған.
1981-жылы 3-айда Юннанда өткізілген мемлекеттік жарыста 6-дәрежелі болған.
1981-жылы Шаңхайда мемлекеттік жарыста 6-дәрежелі болған.
1982-жылы 4-айда Шанши өлкесіндегі мемлекеттік жарыста 2-дәрежелі болған.
1982-жылы 6-айда Құлжа қаласында өткен Шңжаң райондық жарыста 1-дәрежелі болған.
1983-жылы 4-айда мемлекеттік 5-кезекті жалпы жарыста 1-дәрежелі болған.
1983-жылы 8-айда Шаңхайда мемлекеттік жарыста 3-дәрежелі болған.
1986-жылы мемлекеттік батыс бес өлке жарысында 2-дәрежелі болған.
1986-жылы 6-айда Шңжаң райондық жарыста 1-дәрежелі болған.
1986-жылы 8-айда мемлекеттік аз ұлттар балуан жарысында 1-дәрежелі болған.
1989-жылы Шңжаң райондық аз ұлттар жарысында Атұш қаласында 4-дәрежелі болған.
Қазыр Қаба ауданында тәрбиеші болып қызмет істеуде.

6алаш ұсынды