Мақатан Шәріпханұлы Көгедай


Қытай қазақ әдебиетінің көрнекті уәкылдерінің бірі, Қытай жазушылар қоғамының мүшесі, ақын, жазушы, драматург, журналист Мақатан Шәріпханұлы Көгедай 1932  жылы күзде Үрімжі ауданындағы Қаратауда туған. 1940-1949  жылдары Жеменей мен Алтай ауданында бастауыш, орта мектептерде оқыған. 1952-1954  жылдары Шинжияң иниститотының тарих ـ жағрапия факултетыне түскен. «Шұғыла» журналының алғашқы шығарушылары қатарында қызметке орналасады.

1955-1956  жылдары «Жаңа жыл кешінде», «Жайлаудағы жаңа ауыл», «Қызғалдақ», «Ақын досым» бастатқан лирикалары өлең табиғатына недәуір бойлағанын аңғартады. 1957-1965 жылдары ол оқырманға таныла бастады, осы жылдары драматугия, проза, поэзия, шалқыма жанрында қатар еңбектенді. 1960 жылдары «Салиқа-Сәмен», «Ертіс жұлдызы» сенерияларын жазды. Ол кісінің «Шіңгіл сілемдері» қатарлы туындылары оқулыққа енді. Проздан көлемді шығармасы «Өлара» романын жазды.

Өлең ـ дастандары «Жыр жолында» (1980) кітап болып шықты. Өкінішке орай ол кісі жемісті дүниелер беретін кезінде, 1983 жылдың 25 Қыркүйегі бізбен мәңгі қоштасты.


Туған жер әні


сөзі: Мақатан Шәріпханұлы

әні: Долда Кенешұлы

орындаған: Нұрлыбек Қызырханұлы

(әннің толық мәтіні) 

Шарықтатқан қыран құстай қиялды,
Шіркін мынау «Қызылқайың», «Тұманды».
Біздің бала шақтарымыз бір кезде,
Көйлек алып көбелекті қуған-ды.

Қайырмасы:
Сәлем саған туған жер,
Менің әнім ــ сағынышым, тыңдай бер.
Уа, сүйікті туған жер.

Жер жете ме «Сауыр», «Нарын», «Қараға»,
«Мұз тау» біздің шылауышты қарт ана.
Туған елді, туған жерді, дәриға-ай,
Мың айлансам құмарым бір қанар ма.

6alash ұсынады