Қанат Исламұлы (13 қыркүйек 1984 жыл, Шыңжаң, Қытай) — қазақ кәсіпқой боксшысы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Яғни, Қанат Ислам орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі. Әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы. Ұлты - қазақ. 2010 жылы азаматтығын ауыстырып, атамекені Қазақстанға көшіп келіп "Астана Арландары" кәсіби клубының мүшесі болып 2012 жылға дейін өнер көрсеткен. Қазір кәсіпқой боксшы, Нельсон промоутерлік клуб атынан шығып 12 жекпе жек өткізіп онын нокаутпен жеңіске жеткен. Лақап аты - Қазақ.

Үрімші қаласындағы Педагогикалық университетті 2009 жылы тәмамдады. Спортты басқару және зерттеу маманы.

Қанаттың Лондон олимпиадасына қатысуына Қытай тарапы қарсылық көрсетті. АИБА бұл мәселені қарастырып, Қанатқа Қазақстан атынан сайысқа түсуге рұқсат берді. Алайда Қанат ұлттық құрама команданың бапкерлерінің тарапынан қолдау таппады. Лондон Олимпиадасына қатыса алмады. Өзінің бокстағы өмірін кәсіби бокспен байланыстыруда. АҚШ промоутерлерінен де бірнеше шақырту алғандығын хабарлады.

Қанаттың атамекенге оралуына Қазақстан құрама командасының бұрынғы Бас бапкері Тұрсынғали Еділов және Алматы облысының әуесқой бокс федерациясының президенті Бауыржан Оспанов себепші болған.

Қазіргі таңда: WBA БОЙЫНША 1- ОРЫН, IBF БОЙЫНША 3- ОРЫН, WBO БОЙЫНША 2- ОРЫН, Ал жалпы есеп BoxRec рейтнигы бойынша 35 орында тұрақтаған.

Қанат 2012 жылы Арландар сапынан кетіп қыркүйекте АҚШ-тың «Nelsons» атты промоутерлік компаниямен екі жылға келісім-шартқа отырған. 15 жекпе-жекте түгелдей аяқтап жеңіске жетті: Қазақ боксшысы осыған дейін Доминикан Республикасының бес боксшысымен кездесіп, барлығын нокаутпен жеңген.

  1. Даниэдь Веатон – Доминикан Респ. (Ла-Рамано қаласы, 28 қыркүйек),
  2. Анеиди Матрес – Доминикан Респ. (2 қазан),
  3. Модесто Феликс – Доминикан Респ. (Санто-Доминго, Қазанның 18-і),
  4. Нелсидо Мигуэль – Доминикан Респ. (нокаутпен, 29 қазан),
  5. Хосе Антонио Родригес – Доминикан Респ. (үшінші раундта тоқтатылып нокаутпен, қарашаның 10-ы),
  6. Сегунда Херрера – Колумбия (екінші раундта жеңді, Богота, қарашаның 24-і),
  7. Реиналдо Эскуивиа – Колумбия (алтыншы раундта таза жеңіс, Пуэрто-Колумбия, желтоқсанның 3),
  8. Хумберто Толедо – Эквадор (бірінші раундтың 32 cекундтында есінен тандырып таза жеңіс, Пуэрто-Колумбия, желтоқсанның 16),
  9. Алексис Мартинес – (екінші раундта таза жеңіс, АҚШ, Майями, сәуірдің.

Майами қаласында жаттығады. Қанат Ислам қазір Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ережесі бойынша әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндігі бар. WBC ережесіне сәйкес Қанатқа рейтингі жоғары 40 боксшыдан озу үшін барлық жекпе-жектерінде жеңіске жету керек.

Үздік 15-тің сапына кірген жағдайда жартылай орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы "жеңілмейтін қабылан" деген лақап аты бар АҚШ боксшысы Флойд Мэйуэзермен (43 жекпе-жек, 43 жеңіс) кездесуі мүмкін. WBO рейтингіне ілініп, үздік 15-тің қатарына ілінбесе, Мэйуэзер оның жекпе-жекке шығу туралы ұсынысын қабылдамайды. Ал АҚШ боксшысын жеңсе, кәсіпқой бокстың ережесі бойынша Қанат Ислам әлем чемпионы атанады.Қанат Ислам жетінші жолы колумбиялықты жеңді Биылғы жылы яғн 2019 жылдың 5- шілдесінде Қазақ елінде өткен жекпе жегінде қарсыласын 14 секундта сұлатып салып WBO Inter-Continental sper welterweight титулын жеңіп алды.[2]Бұған дейін бокс патшасы атанған Майк Тайсон қарсыласын 13 секундтта құлатқан екен,бұлда қазақ үшін аса үлкен бедел мен жеңістің бірі болмақ.

wikipedia