Қазақтың жыл есебіндегі он екі жануармен байланысты атауларының жұмбағы көп, бұл жерде тотем (киетек) және табу (тиым) туралы мәселелер алдыңнан шығады, себебі олардың әрқайсының қосалқы атауы бар.

Сонымен бірге біздің лингвистикада әлі қарастырылмаған «қатындар тілі» деген мәселе бар. М.Ж.Көпейұлы көне атаулар «қатындардың тілінде» сақталған дейді:

жорғалауық (тышқан),

әуке (сиыр),

діңкамен (барыс),

жырық (қоян),

шолпетер (үлу),

ұзын шешей (жылан),

туар (жылқы),

жандық (қой),

ойнарқы (мешін),

құс баласы (тауық),

ноқай (ит),

жертүртер (доңыз).

Жамбыл АРТЫҚБАЕВ,

тарих ғылымдарының докторы, профессор

6alash ұсынады