Жылқы жалындағы Тіл 

Қазақ халқы қылқұйрықты құрықтап қолға үйреткен көннен бастап, оның заттық және Рухани өмірінде қыруар жаңалықтар өмірге келді. Әуелі мына қыл арқаннан түсіп айтсақ: бұл қыл арқан жылқының жал құйрығынан есіледі, жирен жылқының жалы, қара жылқының қылы, ал енді бұл қыл арқанның біздің өміріміздегі, тұрмысымыздағы ролы төтенше жоғары болған. Бұның беріктігі, суға шірімейтіндігі, сосын ат арқандауға, көші-қонға жүк артуға істетеді. Ал бұның салттық өміріміздегі кешегі дала мәдениетіндегі ролы тіпті жоғары. Бұрынғы заманда дау-шарға барған екі жақ бір қыл арқан алып баратын болған. Сондағы билік әділ болса қыл арқанды ортасынан кесіп, екі жаққа алып кетеді. Ал сол билікке разы болмаса, әділ емес деп қараса, қыл арқанды қимай алып кететін болған. Біздің тіліміздегі қара қылды қақ жару. Сондағы қара қылды қақ жару дегеніміз осыдан қалған. Ал мынау көріп тұрғандарыңыз ноқта, бұған тағылып тұрған қыл шылбыр, бұда сол жылқының қылынан есілген, осы ноқтаға қатысты біздің тілімізде: Ноқтасын беріп тұр, ұйыры басқаны ноқта қосады, атасы басқаны қыз қосады деген тұрақты сөз орамдары бар. Ал мынау ноқтадан кейін аттың басына салынатын жүген, Қайыстан тұйылып те, өріліп те жасалады. Көріп тұрғандарыңыз өрме жүген, жүген туралы да біздің тілімізде үлкен-үлкен образды тамаша тіркестер болған. Қазақ тыйдаусыз кеткен адамды жүгенсіз кеткен деп атап жатады, ат ауыздығымен су ішті дегені қиын күндерді білдіреді. Тізгін ұстатты дейді. Ол үмітінен шыққан адамды немесе жүйрігін мақтасып жатады. Күмістелген Пыстан ертоқымдағы еркөрпені ұстату үшін істетіледі, бұған айыл жалғанады, және ерді аттың үстінен жылжымауға пайдаланады. Үзеңгі-ролы атқа мінген адамды атқа орнықты отырғызуда, мықты отыруда ерекше ролы бар, бұған қатысты тілімізде: үзеңгі бауы сегіз қабат деп образдайтын сөз бар. Бұл негізінен бардам, бай адамды көрсетеді. Мұнан сырт, аттан түсседе үзеңгіден түспеді дейді, бұрынғы замандағы билер биліктен қалсада, ел арасындағы атақ-абройы бар, ықпалы бар адамдарды Аттан түсседе үзеңгіден түспеді деп атаған. Өріп жасалып, күміс жалатқан құйысқан. Құйысқанға қыстырылма, айылың қанша қатты болғанымен құйысқанға жетпейді, кескілесіп кеткенмен туысқанға жетпейді деген мақал тіркестері бар. Қамшыға қатысты біздің тілімізде қыруар тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдері бар. Қамшы сөзін тілімізде осыншалық көп қолдануы, тұрақты сөз тіркесінің көп пайда болуына қарағанда, қамшының біздің Рухани заттық өмірімізде төтенше жоғары болғанын білуге болады. Мысалы: қамшы туралы қамшыға қамшы қайтарды, қамшысының ұшын бермеді, қамшы тиді деген көптеген тіркестер бар. Тек қайшылықтың өзін білдіретін. Біздің батырларымыз осы қамшыны үлкен жан серігі ретінде елін-жерін жаудан қорғау жөлында қару ретінде пайдаланған, сол батырларымыздың ауызынан қалса керек, алты таспа бұзау тыс, былжырамай аттан тұс дейді. Қамшының ішінде ең өткірі алты таспадан өрілген қамшы ең өткір болады. Оның өтімділігі ұрған жерін ойып кетеді дейді бұрынғы үлкендердің айтысында. Енді ердің де тұрлысы болады, бұл ер-әйел болып бөлінуден басқа, үш жүздің ері және түрлі рулардың ері болып алуан түрлі формасы болады. Көріп тұрғандарыңыз күмістелген ер, ерге қатысты айырылатын дос ердің артқы қасын сұрайды, ал енді көріспейтін адамдарды ат құйрығын кесіскен адамдарды қанжығада көрісейік деп қоштасып араздасып жатады. Ал бұл көріп тұрғандарыңыз келі мен келісәп, келіге халқымыз тұз түйген, тары-бидай тұйып тұрмысында пайдаланған. Келінің сыртына жылқының терісі қапталған, терісі болғанда бас терісі. Бол осы келінің беріктігіне және сән үшін қапталған. Айта берсек өте көп, осы ат әбзелдеріне қатысты атаулардың өзінен неше жүзін атап өтуге болады. Біздің тақымымызда жылқы болғандықтан ғана осынау әбзелдер мынау ер дүниеге келді. Осылар болғандықтан ғана қыруар образды тіркестеріміз пайда болды. Ал жылқы болмаса осыншалық образды тіркестеріміз болмас еді, қолымыздағы қамшыда, астымыздағы ерімізде, мынау кең-байтақ жерімізде болмас еді.

Қуаныш ІЛИЯАС

6алш ұсынды