Бағалы аң – Бұлғын

紫貂 (zidiao)

Marteszibellina


Дене тұрқы 40-55 сантиметр, құйрығы 20 сантиметрдей, салмағы 0.4-1.6 киллограм. Қылқан жапырақты ормандарында кездеседі.

Құлақ қалқаны жалпақ, дөңгеленген ұшы ұшбұрышты. Денесіндегі жүндері қалың қою жібектей, түсі − бурыл, сарғыш, қара қоңыр, алқымында кішкене ақшыл дағы болады.

Сирағы қысқа, қимылы икемді келеді. Ұсақ жәнтіктермен, самырсын жаңғағымен, жидекпен қоректенеді. Кейде жабайы бал арасының балын да жейді.

Шыршалы, майқарағайлы ормандардағы ағаш діңдері мен тас қуыстарды мекендейді. Мекендейтін жерлерінен көп ұзамайды, азығы азайған жылдары орманның бір жерінен екінші жеріне қоныс аударады.

Табиғи жағдайда 1 жыл 3 айда жыныстық жағынан жетіледі. Бұлар 2 рет (наурыз және тамыз, қарашада) түлейді. Бұлғын маусым, тамызда шағылысып, 245-300 күннен кейін наурыздың аяғында, 2-6 соқыр күшіктен туады.

Күшіктерінің салмағы 30 грамдай, дене тұрқы 11-12 сантиметр. 30-36 күнде олардың көздері ашылып, тістері шыға бастайды, ал 3-5 айда тұрақты тістері қалыптасады.

Бұлғын − терісі өте бағалы аң, 8-15 жыл тіршілік етеді.

6alash ұсынады