Елордадағы Ұлттық музейде хакім Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай бұрышы» ашылды. Оған мұражай қорында сақ­талған бірнеше құнды жәдігерлер қойылды. Соның ішінде ақынның қолының табы қалған құты ерекше көзімізге түсті.

Бұл жәдігерді мұражайға Семейдегі Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» тарихи-­мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі сыйға беріпті. 1883 жылы Абайдың орыс достары Н.Долгополов пен Н.Лобановский Семей қаласында алғаш «Өлкетану музейін» ұйымдас­тырады. Сол кезде ақын қазақ этнографиясын насихаттау мақсатында өз қолымен құтыны тапсырыпты. Сондай-ақ хакім бұдан бөлек ол музейге 60-тан астам құнды дүниелерді сый­лаған. Солардың арасында бүгінгі ұрпаққа жеткен тұмар домбыра, дауылпаз секілді музыкалық аспаптармен бірге қымыз піспек, ожау, тегене, көнек секілді тұрмыстық бұйымдарды айтуға болады.

Астана ақшамынан алынды

6алаш ұсынады