Қанат Ережепұлы

Қытай теле өнерпаздар қоғамының жорасы, Қытай диктор-жүргізушілер қоғамының жорасы, Шинжияң ұйғұр автономиялы районы теле өнерпаздар қоғамы төрағасының орынбасары, Шинжияң ұйғұр автономиялы диктор-жүргізушілер қоғамының тұрақты орынбасар, мемлекеттік үздік ақпарат қызметкері, мемлекеттік 3 – кезекті 100 таңдаулы теле өнерпазының иегері Қанат Ережепұлы 1958 жылы Буыршын ауданында дүниеге келген. Аға диктор, жүргізуші, телевизия бастығының орынбасары. Шинжияң университетінің 1978 жылғы түлегі.

1978-1985 жылға дейін Шинжияң халық радио станциясында диктор, 1985 жылы Шинжияң телевизиясында қазақ тіліндегі арнаны ашуға ат салысып, дикторлар группасының бастығы, көркем фильм аударып жасау орталығы бастығының орынбасары және режиссер; 1993 жылы Шинжияң сымды телевизиясында қазақ тіліндегі арнаны ашуды үстіне алады әрі станция бастығының орынбасары міндетін 2000 жылға дейін өтеп, содан 2017 жылға дейін Шинжияң телевизиясы бастығының орынбасары және аға дикторлық міндетін атқарып демалысқа шықты.

Қоғамдық қызметтері

1985 жылы Шинжияң телевизиясында қазақ арнасының уығын шаншудан бастап, 1993 жылы Шинжияң сымды телевизиясы қазақ тіліндегі керегесін жайып, шаңырағын көтергенге дейін қазақ тіліндегі теле арналары үшін ерен еңбектер сіңірді. Жүйеден Шинжияң сымды телевизиясында қазақ арнасын 7 адаммен құрудан бастап, фильм қайнарын молайту үшін өз ортамыздағы азаматтарымызды ұйымдастырып, аударма фильм қайнарын молайту, сондай-ақ Қазақстан телевизиясымен фильм ауыс-күйіс орнату және олардың өнерпаздарын ұсыныс етіп, консерттік бағдарлама алу жұмыстарына бел шеше араласты. Сондай-ақ жас телевизия қосынын сомдау үшін жастарды тәрбиелеу жолында жалықпай құлшыныс жасап келеді. Сонымен қазіргі қазақ теле арналары басқарлардың алдында ұялмайтын өреге жетті.

Негізгі туындылары жайлы

Ол өзінің күнделікті кәсіптік және әкімшілік жұмыстарынан тыс, теле фильм «Жусанды дала» (1991 жылы түсірілген, сенарист), «Марғабылдың қара қасқа аты» (1995 жылы түсірілген, режиссер); төл туындысы «Тоннан туған ой» мемлекеттік үздік туынды, үздік жүргізуші сыйылықтарын еншілеген; «Фонэтиканың диктөрлық қызметтегі қолданылымы» қатарлы децартасияларыі; «Индия ертегілері», «Әйел қызметші» қатарлы аударма еңбектері және «Екінші әкем» атты әңгімесі жарық көрген. Радиодағы кезінде «Бүгелек», «Бөке батыр», «Зуқа батыр», «Қасым батыр», «Петховин» қатарлы бірқанша роман және радио театрларына дыбыс берген және оқыған. Телевизияда «Капитан грантты іздеу», «Гертсен жау жүректері» қатарлы фильмдерге дыбыс берген және режиссерлік істеген. Ал, Қытай қазақтарының тұңғыш теле дикторы болу салауатымен, ол оқыған хабарлар, жүргізген консерттік және қоғамдық бағдарламалар, әсіресе, оның нашына түсіріп оқыған «Хайуанаттар дүниесі» өз алдына бір төбе. Сондықтан да көрермендер оны: қазақтың Жау Жұңшяңы (CCTV дың әйгілі дикторы) десетін.

6алаш ұсынады