Әйгілі айтыс ақыны, өлең өрісінде дарынымен танылып, дара стил қалыптастырған Құрманбек Зейтінғазы ұлы 1941-жылы 10-қаңтарда Алтай аймағының Шіңгіл ауданіндадүниеге келген. 30 неше жылдан бері сан реткі ақындар айтысының сөз додасынатұсып, талай рет аға жүлдегерлікті әлумен бірге район, обылыс, аймақ жағынан "ерекше Еңбек сіңірген халық ақыны " "өнерге өмір бойы үлесқосқан ардагер "деген құрметті атақ беріліп, алтын медалмен марапатталған.
Құрекең қазақ айтыс өнерінің құдыретін төрткіл дүниеге танытып, Қазақстан, Түркия, моңғұля, германия, фыранция, Голландия елдеріне өнер сапарымен барып, сол елдердің барлығында алқауға бөленіп, абыройлы оралған.
Құрекең қазақ ауыз әдебиетінің төрт томдығын жинау, зерттеу, баспаданшығару жұмыстарына ат салысып мемелекеттік озат қызыметкер болып бағаланған.
Құрманбек Зейтінғазы ұлы шинжяң қазақ айтыс өнерінің бір белесі. Әсіресе, азаттықтан кейінгі сахара төрінде Саханаластырған айтыс-сөз сайысын Құрманбексіз сөз етуге келмейді. Тап бермеде Сөз тапқыштық, мағанамен ұйқас шеберлігі, кең көсіліп, жойқын дариядай жосылта айту құрекеңнің айтыс мәдениетіміздегі шоқтығы биік дара шыңы.
Құрманбек тек айтыс ақыны ғана емес, жырдодасына түсіп жүрген жазба ақын. Ол жазған «Әуедегі әңгіме» Дастаны, басқада көптеген толғаулары мен термелері, ән текістері өз оқырманын тапқан өрелішығарма есептеледі. «Ақын Арғынбек жөнінде» «Қара теңіздегі қайырлы сапар» қатарлы бір қыдыру зерттеу мақалалары мен эсселері еліміздегі басылымдардажарық көріп, радио, Телевизор нөмірлерінде таратылып, қалың қауымның игі бағасын алды.
Құрманбек Зейтінғазы ұлының 1981-жылғы мейрәмқанмен айтысы, 1985-жылғы жамалқанмен айтысы орталау мектептің 3-жылдығының, орта мектептің 1-жылдығының әдебиет оқулығына енгізілді. Бұл еліміз қазағында тұңғыш рет оқулыққа енгізілген айтыс өлеңдер болып саналады. 1985-жылғы жамалқанмен айтысы мемелекет тіліне аударылды. Сүйтіп, құрекеңнің ақындық өрісі бұл Күндеқұлашын кеңге жайып, ұрпақ тәрбиесіне, қоғамның асыл Қазынасына айналып отыр.
Ақын Құрманбек Алтай аймақтық әдебиет-көркемөнершілер қоғамының, іле қазақ автомиялы обылыстық ауыз әдебиет қоғамының құрыметті төрағасы, мемелекеттік ауыз әдебиет қоғамының, мемелекеттік аз ұлыт жазушылар ғылыми қоғамының шиыжяң ұйғұравтономиялы райондық ауыз әдебиет қоғамының мүшесі, Шіңгіл аудандық саяси мәсілиқат кеңесінің бұрынғы орынбасар төрағасы, іле қазақ автономиялы обылыстық саяси мәсілиқат кеңесінің жорасы қатарлы міндеттер өтеген қоғам Қайраткері.

Нүршат ҚҰРМАНБЕКҚЫЗЫ

6алаш ұсынды