Үйінен өгіз мініп, бесік оңгеріп шыққан Құрманбекті жол бойында Еңбекте жүрген біртоп ер-әйел қаумалапты. Әйелдер жағы сылтың қып:
− әлдіндабесігі болған соң әйел ме екен десек, басында жаулығы жоқ, басына қарап ер екендесек, алдында бесігі бар бұл кім өзі? ! − депті сөз шығарып. Сонда құрекең:
Құрманбек менің атым бесік алған,
Бесікті түсінеді есі бар жан.
Ұл тауып керымбайдың келіншегі,
Кіндігін байбішеміз кесіп алған.
«Орамал тон болмайды, жол болады»,
Қалжаның терісі мен төсін алған.
Бұл деген осы күнде арзаншылық,
Үстіне торғын көйлек қосып алған.
Сәбидің бесігі жоқ дегеннен соң,
Жасауды мен бір бесік есіме алғам.
Бесікті осы ғұрлы қузалайтын,
Бұл бесік қатындардың несін алған? !
Өңгерген бесігімнің жайы осылай,
Сол болса жұмыстарың тосып алған.

Деп жүре беріпті!

6алаш ұсынды