Кұйші композитор күй өнерін зерттеші Мұқаш Таңғытұлы қхр шуар толы ауданында 1962 -- жылы 15 -- ші желтоқсанда дүниеге келген.

күйші домбыраны бала кезінен бастап үйренген. кейін келе қытай еліндегі қазақтар арасында танымал күйші болған.

күйші м. таңғытұлы 1990 -- жылдардан бастап қытай елінде 19 -- 20 -- ғасырларда жасаған қазақ күйшілерінің өмір жолы мен өнер жолын зерттей бастаған.

халық арасынан сол бұыр өткен күйшілердің күйлерінен 200 ден астам күй жинап ол күйлерді қытай елінде күй табақ жəне кітап етіп шығарып ел арасына таратқан.

күйші м. таңғытұлы 2001 -- жылы тариқи отаны қазақстанға қоныс аударған кезінде өзі жинаған күйлерден 200 ден астам күйді қазақ еліне ала келіп " қазақ радиосы " " шалқар радиосы " жəне отандық теле арналарда өзі орындап қазақстан халқына кеңінен нəсиқаттады.

күйші мұқаш таңғытұлы өзі əкелген күйлерден қазақ радиосының " алтын қоры " на 70 тен аса күйді өзі орындап жаздырды. " қазақтың 1000 күиі " " мəңгілік сарын " " қазақтың 500 күйі аманат " " ұлы дала сазы " қтарлы отандық күй албомдарына өзі орындап қытайдағы қазақтардың көптеген күйлерін енгізді.

күйші м. Таңғытұлының еңбегін жоғары бағалаған қазақстан парламенті депутаттары 2009 -- жылы 19 -- мамырда астана қаласында президенттің мəдениет орталық сарайында " алтайдың ар жағынан келген шертпе күйлер " деген күй кешін өткізді кешті қр парламенті мəжілісінің депутаты уəлиқан қалижанов жүргізді. кеште қр президенті нұр - сұлтан əбішұлы назарбаев ел басы құттықтау алғыс хатын жолдады.

2012 -- жылы шілде айында қр мұқтар əуезов атындағы əдебиет жəне өнер тану инстутеті күйші мұқаш таңғытұлының 50 жасқа толуы байланысы мен алматы қаласында күй кешін жоғары деңгейде өткізді.

күйші Мұқаш Таңғытұлы қазақстан еліне келгелі бері астанада қаласында. алматы қаласында. талды қорған қаласы қатарлы орындврда 7 реткүй кешін өткізді

күйші Мұқаш Таңғытұлы осыған дейін 3 күй зерттеу кітабын. 4 сd күй табақ. 1 dvd күй табақ. 2 күй таспа ( касета ) шығарды.

күйші Мұқаш Таңғытұлы өз жанынан 22 күй 40 тан астам əн шығарған композитор.....

күйші Мұқаш Таңғытұлы бұл күнде алып шақар алматы қаласында тұрады.

Мұқаш Таңғытұлының өзі орындауындағы күйлері.
"Керей шертпесі"

«Мұқаштың шалқымасы»

"Өткен күн"

''Кейінгі ел''

"Хамзин сазы"

''Айжамал''

"Тоқтар батыр"

''Жәйілған''

"Таңғыт"

"Заман"

''Жәйсаң''

6АЛАШ ҰСЫНДЫ