2020 жылдың 20 қаңтар күні Изинис Эйрвэйз компаниясы үшін қуанышты оқиға болды,- деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Моңғолияның Изинис Эйрвэйз компаниясының Әуе қозғалысын басқару орталығының басшысы, B737NG ұшағының екінші ұшқышы Бек Базылханұлы Улаанбаатар – Гонконг – Улаанбаатар бағытына ұшқан әуе көлігінің тізгінін ұстап, алғашқы рейсін сәтті жасап “Шыңғыс хан” халықаралық әуежайына қонды. Әуе көлігінің тізгінін кәсіби түрде өзі басқару – мансаптағы маңызды баспалдақ болмақ.

Бек Базылханұлының алдағы қызметінен сәттілік тілеп, әрдайым аспаны ашық болуын тілейміз!

kaznews.mn порталынан