"Қазына-ай" әні, орындаған: Нәзигүл ҚАРАПАҚЫЗЫ

Жұмақан Сауырбайұлы 1920 жылы төмен ауқатты малшы отбасында өмір есігін ашқан, Шіңгілдің байырғы тұрғыны, ол іскер әке тәрбиесінде өз еңбегін өзек етіп, бастабында көмір жағып, көрік ұстап нәлі таға-шеге, соға жүріп кейін алтын-күміс ұстаған аты шыққан шебер шыңылтыр ұста болып жетіледі.

Алуан тастан әсем көз орнатып, құймалап, айшықты ер-тұрман жасап, өз тірлігін өрге бастырады. Жұмақан 1940 жылдардағы Шың-Шысай мен Гоминдаң кертартпа жауыздығына қарсы көтеріліске бастан ақыр қатынасқан. 1962 жылы тамызда «Жерлік ұлтшыл» деген жаламен қолға алынып, 1975 жылы босатылады. 1983 жылы Алтай аймақтық орта дәрежелі халық соты жағынан түбегейлі ақталады. Оның бізге жеткен туындысы ақ махаббатқа байланған адал жүрегінен туындаған «Қазын-ай» әні.

6alash ұсынды