КӨКПЕКТІДЕ ТУҒАН ОЙ
(Қазыбек бабамның бейітін көргенде)

Көкпекті -ата қонысым,
Қымбатсың маған  сол үшін!
Бабамның басы қалған жер,
Сағына жету  борышым!

Көкпекті- ата мекенім,
Шежірем, аңыз, ертегім.
Қарайып жұртым қалған жер,
Қалбаның жәйлап  етегін.

Көкпекті -ата жайлауым,
Тариқым, тегім, байлауым.
Бетеге бойы белгісі,
Бейітім қалған аймағым!

Көкпекті -ата қыстауым.
Заманның жеңген қыспағын,
Көрігі қалған көн саба,  
Қазыбек дейтін ұстаның.

Көкпекті- ата көктеуім,
Өзіңнен туып көктедім.
Білмейде қалды-ау! тариық,
Үш ғасыр зулап өткенін!

Көкпекті -ата күзеуім,
Бабамның көзі,  ізі едің.
Еңістеп кеткен еңсемді,
Егемен елде түзедім.

Көкпекті кие тұнған жер.
Көкбөрі ерлер туған жер,
Ата жау болған Ойратты,
Алтайдан ары қуған жер.

Көкпекті көсем өскен жер,
Келешек ісін шешкен жер.
Төресін әкеп төрінде, 
Теңдесіп билік кескен жер.

Көкадай төре болған жер,
Көкорай төбе қонған жер.
Он екі Абақ ел болып,
Көктегі айдай толған жер.

Мәңгілік жауын жеңген жер,
Мәнжыныдағы көрген жер.
Абылай сынды ханына,
Мөр жүзік соғып берген жер.

Аналар келін түскен жер,
Аталар қымыз ішкен жер.
Көкала жылқы өргізіп,
Көлдете саба піскен жер.

Солайда, солай Көкпекті,
Көкпекті бекер өтпепті.
Жеті жұрт көшкен жұртында,
Жеті жұрт қайта көктепті!!!

Асқат КӘУКЕРҰЛЫ

6alash ұсынады