ТАРИХТА АТЫ ҚАЛҒАН ЕКІ ТҮРЛІ САЯСИ ТҰЛҒА

Шүршіттің(Цин) империя тарихында (1898ж.) «У шүй жылнамасындағы заңға өзгеріс енгізу» немесе «Жүз күндік жаңалыққа көшу» деген бір ащы тарих бар.
1889жылы Шүршіттің 11-ші императоры Бадаргуулт төр хан (Гуаң Сюй)18жасқа толғаннан кейін, оның шешесі Нара Ханға әскери биліктен басқа биліктің барлығын тапсырып беріп, ордада билік жүргізуден шегінеді.
Жас императорға билік тигеннен кейін, жастың аты жас қой, мемлекетін күшейту үшін өз білгенінше тырысып бағады. Сонымен айналасына шетелден оқыған зиялыларды жиып ескі заңға өзгеріс енгізіп, батыс елдеріне ұқсап конституциялық жүйеге көшіп, қуатты, шыт жаңа
ел болып, сол арқылы шетелдіктерге кеткен есесін қайтаруды армандайды...

Өкінішке орай, мемлекеттің әскери билігін әлі шеңгелінде ұстап отырған императордың шешесі Нара «жаңа заңға» байланысты айтылған «жаңа заң қабылданса, бір ғана билеуші болады, бұрынғы билеушінің заңдылығы қайта тектеледі, мүмкін өміріңізге де қауіп төнуі мүмкін!» деген өсек аяңға сеніп, реформаторларды ешкімнен сұрамай-ақ бір түнде көзін жояды. Заңды император Бадаргуулт төр ханды үй қамаққа отырғызды. Сонымен «У шүй жылындағы заңға өзгеріс жасау» сәтсіздікке ұшырайды. Бұл тарихта «Жүз күндік жаңалыққа көшу» деп аталады.
Содан бастап, Ұлы шүршіт империясының шаңырағы шайқалады. Екі жылдан кейін сегіз мемлекет бірлесіп шабуыл жасап империяның ордасын ойрандайды. Көп өтпей 300жыл өмір сүрген империя қытайлардың табанында тапталады. Сонымен Императордың шешесі, темір тегеурінді билеуші Нара Ұлы Цин империясын күйретуші ретінде тарихта аты қалды.
Жүз жылдан кейін, Қытайдың сол кездегі Орталық әскери істер комитетінің төрағасы Дэн Сяопин бұл тарихтан сабақ алдыма белмеймін, 1989 жылы ҚКП басшыларының «қазір зейнетке толықтай шықпаңыз!» деп, жата-жабысқанына қарамай, «зейнетке шығу керек болса толықтай зейнетке шыққан дұрыс, бұл жолы мен 100% зейнетке шығамын. Мен бұдан былай ұжым, партия және мемлекет басшыларының атынан, келген қонақтарды қабылдамаймын. Мен шынайы зейнеткерлікке шыққым келеді.» деп жәриялады. Ол тағыда «Партия, үкімет және әскери басшылардың емін-еркін қызмет істеуіне мүмкіндік беру үшін, мен енді жұмысқа араласпаймын. Бұл олардың өсуі мен жұмыс істеуі үшін өте қажетті. Жолдас Цзян Цземинь өте қабілетті, зиялы адам. Тіпті менен гөрі білімді. Әрине, оның тәжірибесі менен аз, бірақ тәжірибені толықтыруға болады. Ол биыл 63 жаста, мен бұндай басшылық топ тұрғанда ештемеден алаңдамаймын...»-деп өзінің лауазымымен қоштасып, « Ұлы реформатор» ретінде әлем халқының есінде қалды.
Содан кейінгі Цзян Цзменде, Дэнның жолымен жүріп өзі зейнетке шығарында өзімен қарайлас ақсақал-қарасақалдардың бірін қалдырмай зейнетке әкетті. Содан кейін, Қытай көзді ашып-жұмғанша дүниенің алдына шыға келді.
Міне, саяси қайраткердің тарихта қалуының осындай неше түрлі жолдары болады екен.

Ербосын Нұрмұхан
ҚР мәдениет саласының үздігі

6алаш ұсынды