Алматыда ақын Айнұр Оразбайқызының "Періште жырыма сенемін" атты тұңғыш жыр жинағының тұсауы кесіліп, өлең сүйер оқырманға жол тартты. Антон Чехов аттындағы қалалық орталық кітапханадағы тұсаукесер шарасына қазақ поэзиясының шоқтығы биік өкілдері Ғалым Жайлыбай, Дәулетбек Байтұрсынұлы бастаған ақындар мен қоса шертпе күйдің серкесі, күйші Мұқаш Таңғыт және жыр сүйер жастар қатысты.

Сөз тізгінін ұстаған Ақын Әділет Ахметұлы Жыраулар поэзиясының алтын діңгектері Абай, Мұқағали және де бүгіні кештің иесі Айнұр Оразбайқызының мөлдір жырларын мысалға келтіре келіп:

Жат жерді жастанғанда жазатайым,

Қанымен жазды мүмкін ағатайым.

Қасиетіңнен қара өлең айналайын,

Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.

Үзіндісін тізілген таспадайым,

Таспамен қамшы өремін баспадайын.

Қаламасаң қамшымды аулақ жүргін,

Қараша үйдің есігін ашпа ағайын,- ары қарай сабақтады.

Теректің тамырындай тарамдалып, еменнің бұтағындай бұтарланып кеткен поэзия арғы беттегі Өр Алтайға барып өніп, қасиетті Алатауға келіп бүршік атып өлең өлкесінде кер маралдай керілді. Дей келіп, сол кермаралдай көсілген, керім самал кештің кейіпкері ақын Айнұр Оразбайқызын сахана төріне шақырды.

Кештің басы өлеңмен өрілмей қайта күмбірлеген қара домбыраны қару еткен күйші Мұқаш Таңғыт алты Алашқа атты мәшқұр Бейсенбі Дөнентайұлының «Кеңес» атты күйімен кеш шымылдығын ашып берді.

Күмбірлеген күйден кейін сөз алған қазақтың белгілі ақыны Ғалым Жайлыбай ақын жайлы сөз айта келіп:" мынау кітаптың қуанышы деген өзі айтып тұрғандай «Періште жырыма сенемін» кез келген ақының жүрегінің дүрсілі бар, сезімінің сыңғыры бар, енді Айнұр Оразбайқызын жас ақын деп айтуға болмайды, толысып поэзияға келген тағдыр көрген, осы кітапты оқып отырып талай дүние көз алдымнан өтті. Айнұрдың ең үлкен қасиеті, қаламға деген соншалықты адалдығы бар екен, образ беріп сөйлеу, көркемдікке ұмтылу осындай ақынға тән дүниелердің біразы осы кітаптан табылады.

Көктем, Ана туралы өлеңдерің мәңгілік тақырып, саған қыз болу, ана болу, ақын болу бақытын тілеймін." – деді.

Бұдан кейін кезегімен сөз алған ақын Дәлетбек Байтұрсынұлы:" Өлең деген шіркін де форма жақтан ұлттық өлшем болғанымен, ой қиял жағынан құйып қойған қалыбы жоқ, қалай тартсаң солай созылатын резинке секілді, бала кезімізде дөңгелектің камерасын таспалап тіліп, ашағашқа бекітіп рагетка жасап құстарды атып ойнайтын едік. Тым қатты созып жіберсең үзіледі, бос тартсаң алақаныңдағы тұмалақтай таста түкіріп ғана тастай салады, ал, құлашыңды соза мөлшерлі жерге жеткізіп тартып тұрып жіберіп қалсаң көздеген жеріңе екпіндей жетіп дың ете түседі, созылған резинке сенің ой қиялыңа ұқсайды, алақаныңдағы тас нысанаға тиетін жыр шумақтары секілді екені анық." – деді.

Аға буын ақындар Айнұр Оразбайқызының "алғашқы жыр жинағына берілген баға мен пікірлердің бәрі де үміт-тілектерді өтеу алдағы уақыттың еншісінде екенін айтып, жыр сапарына ақ батасын берді. тұсау кесер аясында автордың құрбылас өнер өкілдері және сіңілілері  әннен шашу шашты.

Шараның соңы "Періште жырыма сенемін" жыр жинағының тұсаукесеріне арналған салтанатты дастарханға ұласты.

Ақжол Қадылбекұлы

6alash ұсынады