Белгілі журналист, ғалым Досан Баймолдаұлының «Қилы тағдыр» атты тарихи зерттеу кітабы жарық көрді.

Бұл кітапта Тарбағатайда туып, Ұланбатырда небәрі 34 жасында атылған Шоқаманов Махмуд Ыбырайұлының қилы тағдыры баяндалады. Кітап мұрағаттық құжаттардың нақты мәлімет, деректерімен құнды.

Махмуд Ыбырайұлы – 1917 жылы Тарбағатайда дүниеге келген. Ата жұрты Семей, Үржар.

Қытай, орыс, моңғол, ұйғыр, басқа да тілдерді жеттік меңгерген. 1940 жылдарда гоминдан езгісіне қарсы ұйымдардың (қазақ, қырғыз ағарту одағы бастығы) бел ортасында саяси күреске қатысып жүріп, екі ел аралық қатынас мәселесімен (Моңғол жеріндегі Оспанды қайтарып келуге Шэн Ши Сай өкіметі Нурмахмуд, Хұсайн Махмуд үшеуін жұмсайды) жүргенінде 1944 жылы қапыда қолға түскен. Ол 1946 жылдың басында босатылып, 1951 жылы қайта ұсталады.

Моңғолия ішкі істер министрлігінің ұсынысымен Махмұтты 1951 жылы 13 наурызда мемлекеттік прокуратураға «1944 жылғы қылмысы» бойынша өткереді. 77 тәулік қамауда тергеледі. 21-мамырда қылмыс заңының 62-тармағы бойынша жаза кесіп, айдан астам қамап, 23-маусымда төтенше комиссия ату жазасына бұйырып, 29-маусымда Ұланбатыр уақытымен 23 сағат 50 минутта атқан!.. Осылайша небәрі 34 жасында ұлты үшін отқа түскен қазақтың бір арысы Үржарда туып, Ұланбатырда атылады.

Махмұттың артында екі ұлы қалды. Екі ұлға «халық жауының ұрпағы» деген жаман ат тағылмауы үшін олардың тегін өзгертіп, нағашылары асырап алады. Махмұттың ұрпақтары (немерелері) бүгінде Қазақстанда өмір сүріп жатыр. Марқұмның өзі жетпеген топыраққа ұрпағы жетіпті.

Махмұттың тергеу дерекхаттары үш томдық, тіркеу нөмірі-10817, оған берілген жаза «жалған жала» деп саналып Моңғолияның жоғарғы соты 1991 жылы желтоқсанда Махмұтқа тағылған «халық жауынынан» ақтап, абыройын сергіткен.


Шоқаманов Махмуд Ыбырайұлының қилы тағдырын толығырақ Досан Баймолдаұлы жазған «Қилы тағдыр» атты тарихи зерттеу кітабынан оқи аласыздар!


6alash ұсынады