"6алаш" сайытынан Әлхиса...

  Жазушы Жақсылық Сәмитұлының "Қаһарлы Алтай" трилогиясының аудио нұсқасының оқырманға жол тартуы үлкен қуаныш. Белгілі #диктор Қадыл Бердешұлының дара даусы шығарма табиғатын аша түскен. #Ер Жәнібек " Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдаструымен қолға алынған үлкен істі қаржыландырған кәсіпкер Есен Байтілұлы ағамызға алғыс.
  Бұл шығарма алғашында он неше жылдың алдында #Сергелдең " деген атпен жарық көрген еді. Қытайдағы қандастарымыздың ұлт азаттық көтерілісін арқау еткен бұл туынды тұтас қазақ тұтастығы жолындағы күрескен боздақтарымызға соғылған рухани ескерткіш іспетті...
   Сөз реті келгенде айтайын, жер бетінен баяғыда жойылып, құрып кеткен Жоңғардан өзге жауы жоқтай, тарихи кино түсірсе осындай күні бүгінге дейін індеп келе жатқан іргелі дұшпан, ата жауларымызды да ескергені абзал....
  осы қанды қырғыннан бас сауғалап, #Гималай мұз құрлығынан асып #Пакстан арқылы #Түркияға жетіп, бүгінде тұтас еуропаға тарыдай шашырған қандастарымыздың көз жасы әлі құрғаған жоқ, бұл біз еш уақытта ұмытуға болмайтын зобалаң....шығарманың толық нұсқасын тыңдауларыңызға ұсындық...

Талапбек ТЫНЫСБЕКҰЛЫ

Жазушы Жасылық Самитұлының қысқаша өмірбаяны және шығармашылық еңбектері

Жақсылық Самитұлы (08.05.1939) Қытайда туылған. 1959 жылы Шынжаң университетін бітірер алдында ұлтшыл деп айыпталып, 1959-1979 жылдары ақталып шыққанға дейін жиырма жыл бойы Тарым жаза лагерінде болған. 1980-1989 жылдары «Алтай аясы» журналының бас редакторы, 1989-993 жылдары Үрімжі қаласындағы СУАР телевидениясында қазақ бөлімінің директоры міндетін атқаған.  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дереу қамданып, 1993 жылы сәуірде Қытайдағы жайлы тұрмысын, мансабын - бәрін тастап, тәуелсіз Қазақстанға қоныс аударған. 1993 жыл төрт семьяны бастап, көшбасшы болып, бірінші рет көшіп өткен. 1994-2007 жылы ақпан айына дейін Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық Университетінде доцент болып, қытай тілінен сабақ берген. Осы он төрт жыл ішінде оның алдынан үш жүзге тарта қазақ жастары білім алып шықты. Қазірде олардың алды Пекинде, елшіліктерде және Қазақстанның маңызды-маңызды минстрліктерінде қызмет етуде.

Шығармашылық еңбектері

  1. «Атамекен». Үрімжі 1983 ж
  2. «Тау самалы». Үрімжі 1985 ж
  3. «Ақ тілек». Күйтун 1987 ж
  4. «Ақ сәуле». Үрімжі 1989 ж.

«Атамекен» кітабы үшін 1985 жылы Қытай мемлекеттік сыйлығын алған.

  1. «Қытайдағы қазақтар». Алматы 2000 ж
  2. «Сергелдең» атты романының бірінші кітабы, Ана тілі 1996 ж
  3. Романның екінші кітабы. Елорда 2001 ж
  4. Романның үшінші кітабы. Алматы 2004 ж
  5. Романның төртінші кітабы. Алматы 2004 ж

Аталмыш «Сергелдең» романы «Қаһарлы Алтай» болып қайта жарық көрген.

  1. «Аударма теориясы және практикасы», Университет баспасы 2005 ж.
  2. «Алтын қазық». Алматы 2004 ж
  3. «Қаһарлы Алтай» романым 2007 ж Анкарада түрік тілінде басылып шықты.

Қытай тілінен аударған шығармалары:

  1. «Жастық жыры» романының 1-ші 2-ші кітабы Үрімжі 1980 ж
  2. «Бір сұлуға мың ғашық». Үрімжі 1989 ж

Мұнан басқа да әңгімелер мен повесьтер және 200-ге жуық телесериалдар.

"Қаһарлы Алтай" трилогиясы

Жасылық Самитұлы

Оқыған: Қадыл БЕРДЕШҰЛЫ

1 бөлім

2 бөлім

3 бөлім

4 бөлім

5 бөлім

6 бөлім

7 бөлім

8 бөлім

9 бөлім

10 бөлім

11 бөлім

12 бөлім

13 бөлім

14 бөлім

15 бөлім

16 бөлім

17 бөлім

18 бөлім

6 алаш ұсынды