Қайнар Қайсанайұлы – Баян-Өлгей аймағының Дене шынықтыру, спорт басқармасының бастығы, Моңғол елінің спорт шебері, Халықарлық бокс қауымдастығының /AIBA/ 1 жұлдызды бапкері.

Қайнар Қайсанайұлы – 1980 жылы Баян-Өлгей аймағының Өлгей қаласында дүниеге келген. 1987-1997 жылы Өлгей қаласының 4 орта мектебін, 1997-2001 жылдары Улаанбаатар қаласындағы Моңғолдың Ұлттық федогогикалық унивирситетін «дене шынықтыру» мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, 2011-2013 жылдары Улаанбаатар қаласындағы Ұлттық Дене шынықтыру Университетінен магистрантура, 2015-2018 жылдары Улаанбаатар-Эрдэм жоғарғы мектебінен «құқық тануышы» мамандығын бітірген.

Еңбек жолын 2001-2002 жылы Баян-Өлгий аймағындағы «Мұғалімдер коллежінде» физкултура оқытушысы болып бастап, 2002-2013 жылдары аймақтық ДШСБ-да бокс бапкері, 2013-2014 жылы аймақтық мәдениет және спорт туризм басқармасының басшысы, 2015 жылдан қазірге дейін аймақтық ДШСБ-ың басшысы болып қызмет атқарып келеді.

Қайнар Қайсанайұлы бокс бапкері болып қызмет жасаған уақыттарда оның баптаған шәкірттері жасөспірім, жастар ересектер арасындағы Моңғолия елінің біріншлігінде, халықаралық жарыстарда, Азия, әлемдік деңгейдегі баскелерде топ жарып алдыңғы қатарлардан көрінді.

Бұл уақыттарда Қайнар баптаған шәкірттері жасөспірім, жастар, ересектер арасындағы Моңғолияа елінің біріншлігінен 26 алтын, 38 күміс, 56 қола медаль еншілесе, халықаралық жарыстардан 11 алтын, 14 күміс, 25 қола медальға қол жеткізіп, жастар арасындағы Азия чемпионатынан 1 қола медаль, студенттер арасындағы әлем чемпионатында 1 қола медаль, полицияа өрт сөндірушілер арасындағы әлемдік спорт ойындарынан 1алтын, 1 күміс медальға ие болған.

Сонымен қатар Баян-Өлгей бокс құрама командасы 2009 жылы жасөспірімдер арасындағы Моңғол елінің чемпион сыналту бәсекесінде командалық есеппен 2-ші орын, 2010 жылы 1-ші орын, жастар арасындағы Моңғол елінің чемпион сыналту бәсекесінде командалық есеппен 2011 жылы 3-ші орын, 2012 жылы 2-ші орын иеленіп, Моңғол елінің "Үздік бапкер кубогі"-нің иегері атанды.

Қайнардың баптап тарбиелеп шығарған шәкірттерінің саны: Моңғол елінің халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 3, спорт шебері – 9, спорт шеберіне үміткер – 13.

Қайнар тек Баян-Өлгей аймағының бокс спортының дамуына үлес қосқанның сыртында бокс спорты жоғарғы деңгейде дамыған Қазақстан елінің мақтанышы, олимпиада чемпионы, Ермахан Ибраймовтың қолдауын алып, 2009 жылдан бастап байланыс жасап, аға бауыр болып, Бай-Өлке жас боксшыларының шеберлігін арттырып тәжрибе алып жұмыс жасаумен қатар, 2014 жылдан бастап Дамдинсүрэн Батсүрэн баптайтын Моңғолдың ересектер арасындағы ұлттық құрама командасымен Мырзағали Айтжанов баптайтын Қазақстаның ұлттық құрама командасы арасында алтын көпір салып екі елдің ұлттық құрама командасы арасында біріккен оқу жаттығу жиыны және Қазақстанда болатын халықаралық жарыстарға Моңғолдың ұлттық құрамасының команда басшысы болып жұмыстады.

Сидней Олимпиадасының чемпионы, боксшы Ермахан Ыбрайымов пен боксшы Қанат Ислам

2018 жылы Моңғол елінің ДШСАгенттілік, Моңғолдың бокс федереациясының башыларының тапсырмасымен Моңғолдың маңдай алды боксшысы, Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері Эрдэнэбат Цэндбаатар қатарлы бірнеше спортшылардың біліктілік, шеберлігін арттыру мақсатында Қазақстан елінде болған оқу жаттығу жиыны, Атырау, Алматы, Астана қалаларындағы халқаралық бәсекеге баптап қатыстырып Моңғол елінің бокс спортының дамуына елеулі үлес қосты.

Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері Эрдэнэбат Цэндбаатар

Қайнар Қайсанайұлының баптаған шәкірттерінің бірнешеуіне қысқаша тоқтала кетсек:

Ерболат Төлекұлы

Ерболат Төлекұлы1990 жылы Баян-Өлгей аймағының Дэлүүн сумынында туған. 91 және +91 кг салмақта бокстасады. Жеке бапкері – Қайнар Қайсанайұлы.

Ерболаттың жетістіктері:

  • 2009 жылы мемлекеттік жастар арасындағы жарыстың қола жүлдегері.
  • 2010 жылы мемлекеттің студентер арасындағы жарыста күміс медаль иеленді.
  • 2011-2019 жылдар аралығында Атырау, Павлодар, Ақтау және Шымкент қалаларында өткен халықаралық «А» санатындағы жарыстарда күміс және қола медалдар иеленген.
  • Монгол елінің 2012, 2016 жылдары өткен 13 және 14-ші Спартакиадасының жеңімпазы.
  • 2012 жылғы Спартакдасының «Үздік боксшысы» кубогінің иегері.
  • 2013 студенттер арасындағы ел біріншлігінің чемпионы.
  • 2011-2019 жылдарында бокстан ересектер арасындағы Монгол елінің біріншлігінен 6 алтын, 3 күміс медаль иеленді.
  • Корея мемлекетінің Инчон қаласында өткен қарулы күштердің әскерилер арасындағы спорт ойынына табысты қатысқан.
  • 2012 жылғы London-2012 Олимпиадасына жолдама алу жарысына қатысты /Қазақстан. Астана/.
  • 2016 жылғы Рио-2016 Олимпиадасына жолдама алу жарысына қатысты /Қытай. Chiang Mai/.
  • 2019 жылы Қазақстан мемлекетінің Нұрсұлтан қаласында өткен Қарулы күштердің әскерілер арасындағы жекпе жек халықаралық жарыста күміс, қола медаль иеленді.
  • Монгол күресінен Баян-Өлгей аймағының Арыстаны.
  • Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Бекнұр Қалиұлы

Бекнұр Қалиұлы – 1994 жылы Баян-Өлгей аймағында туған. 81 және 91 кг салмағында бокстасады. Жеке бапкері – Қайнар Қайсанайұлы.

Бекнұрдың жетістіктері:

  • 2010 жылғы бокстан мемлекеттік чемпион сыналту жас өспірімдер арасындағы біріншлікте қола медаль.
  • 2011 жылы бокстан мемлекеттік чемпион сыналту жастар арасында өткен біріншлікте алтын медаль.
  • 2012 жылғы мемлекеттік чемпион сыналту жастар арасында өткен жарыста алтын медаль.
  • 2012 жылғы жастар арасында өткен әлем чемпионатына қатысқан /Армиян, Ереван/.
  • 2013 жылы Халақаралық жарыста қола медаль.
  • 2013 жылы студентер Спариакиадасының қола медаль иегері.
  • 2014 жылғы студентер арасында өткен әлем чемпионатына қатысқан.
  • 2014 жылы мемлекеттік чемпион сыналту ересектер арасында өткен жарысында қола медаль.
  • 2014 жылы халықаралық "Ulgii cup" жарысында қола медаль.
  • 2015 жылы мемлекеттік чемпион сыналту ересектер арасында өткен жарыста қола медаль.
  • 2017 жылы Қазақстан мемлекетінің Павлодар қаласында өткен халықаралық жарыста күміс медаль.
  • 2017 жылы Қазақстан мемлекетінің Алматы қаласында өткен халықаралық жарыста күміс медаль.
  • 2018 жылы мемлекеттік чемпион сыналту ересектер арасында өткен жарыста күміс медаль.
  • 2018 жылы Халақаралық жарыста күміс медаль.
  • 2018 жылы Монголия мемлекетінің полицейлер арасында өткен жарыста алтын медаль.
  • 2019 жылы Монголия мемлекетінің полицейлер арасында өткен жарыста латын медаль.
  • 2019 жылы дүние жүзілік полицейлер және өрт сөндрушлер арасында өткен әлемдік спорт ойындарының Бокстан алтын медаль, каратедан күміс медаль.
  • 2019 жылы Қазақстан мемлекетінің Павлодар қаласында өткен халықаралық жарыста қола медалға қол жеткізген.
  • Бокс спортының шебері.

Нұрлан Асқарұлы

Нұрлан Асқарұлы – 1994 жылы Баян-Өлгей аймағының Өлгей қаласында туған. 52 және 56 кг салмағында бокстасады. Жеке бапкері – Қайнар Қайсанайұлы.

Нұрланның жетістіктері:

  • 2010 жылы жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігінде алтын медаль иеленген.
  • Ересектер арасында өткен ел біріншілігінде 2011, 2012, 2013 және 2015 жылдары қола, 2014 жылы күміс медаль алған.
  • Атырау қаласында өткен Исатай мен Махамбет атындағы турнирдің 2014 жылғы жеңімпазы, 2015 жылы күміс жүлдегері болған.
  • 2008 жылы бокспен айланысып Монгол елінің ұлттық құрама командасына қабылданған.
  • 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2017, 2018, 2019 жылдары жастар, ересектер арасындағы мемлекеттік жарыстарда алтын, күміс, қола медалдар алған.
  • 2010 жылы Қазақстан мемлекеті Алматы қаласында өткен жастар арасындағы халықаралық жарыста қола медаль.
  • 2011 жылы Қазақстан мемлекеті Талдықорған қаласында өткен жастар арасындағы халықаралық жарыста күміс медаль.
  • 2014 жылы Қазақстан мемлекеті Атырау қаласында өткен ересектер арасындағы халықаралық "А" дәрежелі жарыста алтын медаль.
  • 2014 жылы Монголия мемлекеті Дорнод аймағында өткен халықаралық жарыста күміс медаль.
  • 2014 жылы Монголия мемлекеті Баян-Өлгей аймағында өткен "Ulgii cup-2014" халықаралық жарыста алтын медаль.
  • 2014 жылы Ресей мемлекеті Якутск қаласында өткен студенттер арасындағы Әлем чемпионатында қола медаль иеленген.
  • 2015 жылы Унгар мемлекеті Деврецент қаласында өткен халықаралық "А" дәрежелі жарыста қола медаль.
  • 2015 жылы Германия мемлекеті Халле қаласында өткен халықаралық "А" дәрежелі жарыста қола медаль.
  • 2015 жылы Қазақстан мемлекеті Атырау қаласында өткен ересектер арасындағы халықаралық "А" дәрежелі жарыста күміс медаль.
  • 2017 жылы Қазақстан мемлекеті Шымкент қаласында өткен ересектер арасындағы халықаралық "А" дәрежелі жарыста қола медаль.
  • 2016 жылы Монголия мемлекеті Улаанбаатар қаласында өткен “Chingis cup” халықаралық "А" дәрежелі жарыста алтын медаль.
  • 2016 жылы Ресей мемлекеті Барнаул қаласында өткен халықаралық жарыста алтын медаль.
  • 2018 жылы Қазақстан мемлекеті Атырау қаласында өткен ересектер арасындағы халықаралық "А" дәрежелі жарыста алтын медаль.
  • 2019 жылы Қытай мемлекеті Шанхай қаласында өткен халықаралық "А" дәрежелі “China Open” жарыста қола медаль иеленді.
  • Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Қайнар Баян-Өлгей аймағының спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосып, Моңғол елінің денсаулық сақтау және спорт министрлігінің 2016 жылғы ел көлеміндегі 21 аймақ, Улаанбаатар қаласының 9 районның жұмысын қортындылап баға бергенде Баян-Өлгей аймағының ДШСБ-сы барлығы 31 мемлекеттік ұйымнан 2-ші орын иеленді.

6alash ұсынады