Ақымжанның қоңыры (Ақымжан)

Қалиақпарұлы Бейілхан

Айтулы сыбызғышы – Бейілхан Қалякбарұлы 1952 жылы Үрімжі ауданының Саяпыл деген жерінде қарапайым малшы отбасында дүниеге келген. 1960 жылдан 1965 жылға дейін Банфангу ауылы Діңсәгу қыстағына қарасты мектептен бастауыш бітірген. Кейін отбасының қиыншылық жағдайынан жоғарылап оқи алмаған.

Бекең қоғамға араласқан сол жылдары колектвтің жылқысын бағатын әкесіне қолғанат болған. Құрыш тұяқ, қыл құйрық дегдар түліктің соңына түскен қаршадай ұл өзінің қызығушылығымен, бойындағы тылсым таланттың жетелеуімен құба даланың қуыс қурайын қолына алып, одан сазды үн шығарып, жансыз дүниені сайратады.

Міне, осылайша болашақ сыбызғы өнерінің саңлағы дарқан даланы сахына етеді. Оның текті таланытынан туған сарынды күйлерді ата таулар жамбастай жатып, ана дала аңқылдай тұрып, жеңге бұлақ, қыз орман сылық-сылық күліп сүйіне тыңдайды.

Бейілхан, ел ішіндегі атақты күйші Шеттікбай қажының ұлы Бөленханды ұстаз тұтып, үйренген күйлерінің кем-кетік жерлерін ол кісіден толықтайды.

Қажырлылықты қанат, халық құрметін шабыт деп білген Бейылхан Қалиякбарұлы, бұл күндері төрт атадан бері ұласқан текті өнердің өзегін үзбей, үрдісін бұзбай жалғастырып келеді.

Бекең 1988 жылы Қытайдың Лияуниың өлкесінің Далян қаласында бүкіл мемілекет бойынша тұңғыш рет оздырылған Қытай көркемөнерпаздары мерекесіне қатынасып, халқымыздың сыбызғы аспабын тұңғыш рет ішкі өлке сахынасында сайратады.

1992 жылы Түркияның Астанасы Стамбул қаласында өткізілген 11-кезекті картал халқаралық өнер фествальіне қатынасып, сол жолы 1-дәрежелі жүлдені еншілеп,  даңықпен оралады.

2005 жылы Шинжяң телевизиясы Бекеңді ұсыныс етіп шақырып, 30 дан астам күйін алтын қорға енгізді, сонымен қатар оның өмірімен еңбек жолын көгілдір экран арқылы көпке таныстырды.

Бекең 2007-2008 жылдары Қазақыстан республикасының Алматы қаласында «Мәңгілік сарын» деген атпен өткізілген өнер тойына, Қазақыстан республикасының музика маманы Талғат Мұқышовтың ерекше шақыртуымен қатынасып, сол елдің «Жәдігер» деген атағын алады әрі қаржылай марапатталады.

Міне осы сапарда Бекеңнің орындаған күйлері «Мың бір күй» атты алтын қорға сақталу мәртебесіне ие болады.

2019 жылы күз маусымында Қазақыстан республикасының Жезқазған қаласында атақты күйші Кетбұғаның 900 жылдығына арналған халқаралық мерей тойға ұсыныспен қатынасып, атақты «Ақсақ құлан жосыған» күйін сыбызғыда орындап арқа жұртының айызын қандырып қайтты.

Бекең осы күзде тағы да  Қытай орталық телевизияның арнайы шақыруымен Бижиың қаласына барып, сыбызғы күйлерін еліміздің бас телевизиясының алтын қорына сыйлады.

Қанатбек Зайтоллаұлы

6alash ұсынады